Педагог-психологтың ЕБҚ балалармен жұмысы

22.10.2026

Мектебімізде 6-сынып оқушылары ерекше білім беруді қажет ететін Төлеген Нұршат пен Бегежан Шыңғыспен педагог-психолог тарапынан жүйелі психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық қабілеттерін дамытуға, зейіні мен есте сақтауын жақсартуға, ойлау қабілетін жетілдіруге және эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға ықпал ету.
Жұмыс барысында оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес психологиялық қолдау көрсету, танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар орындау, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және оқу үдерісіне бейімделуіне жағдай жасау бағыттары қамтылады.
Педагог-психолог оқушылардың даму ерекшеліктерін ескере отырып, жеке жұмыстар жүргізіп, олардың жетістіктері мен даму динамикасын бақылауда.

Просмотров: 10


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу