Мектеп президентін сайлауы өтті

16.10.2026

Мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп президентін сайлау өткізілді.
Сайлаудың негізгі мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру, жауапкершілікке тәрбиелеу және мектеп өміріне араласуға ынталандыру.
Сайлау барысында оқушылар өз таңдауларын жасап, дауыс беру арқылы өздерінің азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Сайлау әділдік, ашықтық және демократиялық қағидалар негізінде ұйымдастырылды.
Мектеп президенті болып сайланған оқушыға алдағы жұмысына сәттілік тілейміз! Жаңа президент мектеп өмірін жандандырып, оқушылардың ұсыныстары мен бастамаларын жүзеге асыруға үлес қосады деп сенеміз.
Бірлік пен белсенділік – жарқын болашақтың бастауы!

Просмотров: 9


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу