«Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты интерактивті зияткерлік ойын өтті.

08.10.2026

"Қызылтаң ауылының ЖОББМ"  8–11-сынып оқушылары арасында ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты интерактивті зияткерлік ойын өтті.
 Танымдық шараның мақсаты – оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани-мәдени өміріндегі өлшеусіз еңбегін таныту, оның шығармашылығы мен ғылыми мұрасын дәріптеу, оқушылардың білімін шыңдап, логикалық ойлау қабілеті мен ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, ұлт ұстазының өмір жолы, шығармалары, ғылыми еңбектері, қазақ тіл білімі мен әдебиетіне қосқан үлесі туралы білімдерін ортаға салды. Интерактивті тапсырмалар оқушылардың белсенділігін арттырып, өзара топтық жұмыс жасауына мүмкіндік берді.
 Ахмет Байтұрсынұлының:
«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек» деген тағылымды сөзі бүгінгі ұрпаққа да үлкен өнеге.
Шара барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, ұлт тарихы мен руханиятына деген құрметтерін танытты.✨️
 Ұлт ұстазының ұлағаты – ұрпаққа аманат!

Просмотров: 25


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу