«Әуенді тап» сайысы

07.10.2026

       Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде  «КӨРКЕМ ЕҢБЕК, МУЗЫКА, БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» ПӘНДЕРІ АПТАЛЫҒЫНДА «Әуенді тап» сайысы өтті.Мақсаты: Музыкалық ойын сайысы барысында оқушыларға әрбір бөлімдегі жасырынған әндерді табуда олардың жылдам ойлау қабілеттерінің жетілуіне, есте сақтау қабілеттерінің дамуына, ести отырып қабылдау қабілеттерінің артуына басты назар аудардым. Бұл мақсаттарға жетуім әр бөлімге байланысты әуендерді тыңдату арқылы ұйымдастырылды.

      Сайыстың негізгі мәні оқушылардың музыкалық сауаттылығы мен қабілеттерін жетілдіруде, әуендерді табуда әр баланың белсенді түрде қатысуына жағдай туғызылуында болды. Сондай – ақ балалардың бір – бірімен қарым – қатынастарын жақсартып, достық ынтымақтастықтарын арттыру көзделді. Нәтижесінде 57 де 53 ұпаймен 5–сынып оқушылары жеңіске жетті.

 

Просмотров: 15


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу