"Алтын күз" мерекесі

22.10.2025

  «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша 17 қазан күні "Алтын күз" 1-4 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды. Биылғы жылы "Алтын күз" өткізу жауапкершілігі  9 сынып  оқушылары мен сынып жетекшісі Темирбаева Г.С-ға жүктелді.  Мереке барысында барлық бастауыш сынып оқушылары мерекелік концерт қойып, олар өз сыныбымен үлкен жұмыс атқарды. 9 сынып оқушылары күзгі бал балаларға  тек ғана тамаша жыл мезгілі туралы айтып қоймай, сонымен қатар қызықты ойындар ойнатты.

  Іс-шара өтетін дәліз өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшыларымен мерекеге сай безендірді. Әр сыныптан би, ән,  өлеңдер жолдарын көрермендер назарына ұсынылды. Концерттік бағдарлама 5-10 сыныптар оқушыларының дайындаған жәрмеңкемен жалғасты. Әр сынып жетекші ата- аналармен тікелей жұмыс жасап, неше түрлі тағамдарды сатылымға қойды. Кәсіпкерлікке үйреткен бұл іс-шара тартымды болып өтті.

   

 

Просмотров: 2569


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу