ҰБТ бойынша түсіндіру жұмысы

16.10.2025

[20:32, 10/13/2025] Замзагуль Аскаровна: ҰБТ бойынша ата-аналарға ақпараттық кездесу өтті 🎓

Қызылтаң ауылының ЖОББМ-де бітіруші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) бойынша ақпараттық жиын өткізілді.
Кездесу барысында ата-аналарға тестілеудің өткізілу тәртібі, тіркелу ережелері, дайындық барысы және оқу гранттарына қатысты маңызды мәліметтер түсіндірілді.

🎯 Мақсат – ата-аналарды ҰБТ процесімен жан-жақты таныстыру және оқушыларды моральдық тұрғыда қолдау.
[20:32, 10/13/2025] Замзагуль Аскаровна: ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
13 қазан 2025 жыл

 

ІС-ШАРА ЕСЕБІ
Іс-шараның атауы: «ҰБТ бойынша ата-аналарға ақпараттық кездесу»

Өткізілген күні: 13 қазан 2025 жыл

Өткізілген орны: Қызылтаң ауылының ЖОББМ

Жауапты тұлға: Кәсіби бағдаршы Абдильман Замзагүл Аскаровна

Мақсаты:
Бітіруші сынып оқушыларының ата-аналарына Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) туралы толық ақпарат беру, тестілеудің өткізілу тәртібімен таныстыру және балаларды психологиялық әрі моральдық тұрғыда қолдау жолдарын түсіндіру.

Міндеттері:
* Ата-аналарды ҰБТ-ға дайындық кезеңімен таныстыру;
* Тестілеу кезінде сақталатын ережелерді түсіндіру;
* Тіркелу және пробный тестілеу тәртібі туралы ақпарат беру;
* Ата-аналар тарапынан қолдау тетіктерін талқылау.
Іс-шара барысы:
Кездесу барысында кәсіби бағдаршы Абдильман З.А. ата-аналарға ҰБТ ережелері мен тіркелу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, тест тапсыру кезінде оқушыларға психологиялық қолдау көрсету жолдары қарастырылды. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.

Просмотров: 2498


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу