Оқушыларымыз аудандық сурет байқауынан жеңіспен оралды

16.05.2025

Зеренді ауданыңда 12-17 жас оқушылар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.  
Байқаудың мақсаты — балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, табиғатқа, Отанға, бейбітшілікке деген сүйіспеншілігін сурет арқылы жеткізуге мүмкіндік беру.
🔹 Байқау шарттары:
– Тақырыпқа сай сурет салу  
– Сурет толық әрі мазмұнды болуы  
– Автордың өзіндік ойы мен шеберлігі ескеріледі

Жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен марапатталды.  
Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
Нәтижесінде 6-сынып Кошербаева Лунара, 9-сынып Орынбасарова Мадина, 9-сынып Муханбетхали Нұрдана 1-орын иеленді. Нұрдана облыстық кезеңге жолдама алды. 👏👏👏

 

Просмотров: 3490


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу